​Трамп әкесінің арқасында Вьетнамда әскери борышын өтеуден құтылып кеткен

0
1 170

Дәрігердің қызы әкесінің бір кездері құрылыс магнаты болған Фред Трамптың баласы үшін жалған анықтама жазып бергенін айтады.


​Трамп әкесінің арқасында Вьетнамда әскери борышын өтеуден құтылып кеткен

ERNUR.KZ. Дональд Трамп әкесінің «таныстары» арқасында Вьетнамда әскери борышын өтеуден құтылып кеткен, деп жазады ca-news.org The New York Times басылымына сілтеме жасап.

АҚШ Президенті Дональд Трамп 1960 жылдары әкесінің танысы дәрігер-ортопедтің жалған диагноз қоюы арқылы әскери борышын өтеуден құтылып кеткен.

Аталған басылым 2007 жылы қайтыс болған нью-йорктік ортопед Ларри Браунстайнның қызынан түскен мәліметке сүйеніп отыр. Дәрігердің қызы әкесінің бір кездері құрылыс магнаты болған Фред Трампқа баласы үшін жалған анықтама жазып бергенін айтады. Бірақ басылымда дәрігер қызының айтқан сөзінен басқа нақты мәлімет жоқ.

NYT мәліметінше, 1968 жылы Вьетнам соғысы өршіп тұрған шақта (1955-1975) Трампқа сүйек өсіндісі деген диагноз қойылған көрінеді. Оған дейін оқуына байланысты Трамптың әскери борышын өтеуі 4 рет кейінге қалдырылған, деп жазады аталмыш басылым.

Сондай-ақ, дәрігердің қызы әкесінің бұл іске Фред Трамптың қайтарма қызметін пайдалану мүмкіндігі үшін барған деп отыр. Дәрігер 1960 жылдары құрылыс магнатына тиесілі Куинс аймағында кабинетті жалға алып отырған көрінеді. Жалға алған орында қандай да бір мәселе туындағанда дәрігер Дональд Трамптың әкесіне қоңырау шалып, шешімін тауып отырған. Әйелдің басылымға берген мәліметінше, әкесі бірнеше рет Трамптың (Д.Трамп) ешқандай да ауруы болмағанын білдірген. Сондай-ақ, әкесі оны ешқандай да дәрігерлік тексеруден өткізбеген.

The New York Times мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы Трамптың сұхбатында бір дәрігердің тексеруінен өткен соң аяғының сүйегіндегі проблемалар анықталып, сәйкесінше медициналық қорытынды жасалғандығын, соған орай әскери борышын өтеуден құтылғандығын айтып берген. Бірақ Трамп дәрігердің есімін еске түсіре алмаған.