Трамп Нобель сыйлығына үміткер атанды

0
575

Дональд Трамп - соңғы 39 жылда мемлекетін қарулы қақтығысқа тартпаған АҚШ-тың жалғыз президенті.


Трамп Нобель сыйлығына үміткер атанды

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына үміткер атанды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Телеарна мәліметінше, Нобель комитетіне ресми өтінішті Норвегия парламентінің өкілі Кристиан Тибринг-Гедде жіберді. Ол хатында Трамп әкімшілігі Израиль мен БАӘ арасында байланыс орнатуға өз үлесін қосқанын жазған.

"Менің ойымша, ол қос мемлекет арасында бейбіт байланыс орнатуға тырысты. Ол басқа бейбітшілік сыйлығына үміткерлердің арасында көбірек жұмыс істеді", - дейді депутат.

Айта кетейік, Дональд Трамп - соңғы 39 жылда мемлекетін қарулы қақтығысқа тартпаған АҚШ-тың жалғыз президенті. Ол Таяу Шығыстан көптеген әскерді шығарған болатын.