​Трамп желіні шулатқан суретіне қатысты пікір білдірді

0
1 559

Дональд Трамп айтқандай, БАҚ көздерінде тарап кеткен сурет G7 саммитінің шынайы атмосферасын көрсетпейді.


​Трамп желіні шулатқан суретіне қатысты пікір білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Канадада "Үлкен сегіздік" саммиті кезінде түсірілген фотоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото G7 елдері басшыларының бет-әлпеттерінің арқасында әлеуметтік желіні біраз шуалтқан еді.

"Ангела Меркельмен қарым-қатынасымыз өте жақсы, бірақ өтірікші БАҚ келіссөз барысындағы нашар суреттерді жариялап, АҚШ-тың бірде-бір президенті сұрамайтын дүниені талап етіп отырғанымдай көрсетеді!" - деп жазды Трамп Twitter парақшасында.

G7 саммиті 8-9 маусымда Квебек қаласында өткен. Бастапқыда қатысушы елдер ортақ коммюнике қабылдады деп айтылды, алайда Трамп кейінірек бұл құжатты қолдамайтынын мәлімдеді.