Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, сенат залына басып кірді

0
2 161

Тәртіпсіздік кезінде бірнеше адам зардап шеккен.


Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, сенат залына басып кірді

ERNUR.KZ. Вашингтонда Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, ішке кіріп, сенат залына басып кірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бастапқыда полицейлер көзден жас ағызатын газ, түрлі-түсті гранат қолданып тәртіпсіздіктің алдын алмақ болған. Конгресске кіретін бірнеше кеңсе эвакуацияланды.


"Наразылық білдірушілер Капитолийге шабуыл жасап, сенат залын басып алды. Олар бізден іште тұруымызды сұрады", - деп жазды америкалық сенатор Джеймс Лэнкфорд Twitter желісіндегі парақшасында.






Тәртіпсіздік кезінде бірнеше адам зардап шеккен.

Наразылықтар АҚШ Конгресі қарашада өткен президент сайлауының нәтижелерін ресми түрде бекіту рәсімін бастаған кезде басталды. Сайлау қорытындыларын бекітуге қарсылықтар айтылып, талқылау басталды. Сенаторлар тобы Аризона сайлаушыларының дауыстарын мақұлдауға қарсылық білдірген.

Оклахома штатының сенаторы Джеймс Лэнкфордтың сөйлеп жатқан кезде оны аяқтауға мүмкіндік бермей, төраға үстелді балғамен ұрып, сенаторлар қайта шақырылғанға дейін жұмыс тоқтатылатынын мәлімдеді. Осыдан кейін хабар тарату тоқтатылған болатын.