Түркіменстан Каспий теңізінде жаңа порт ашты

0
1 261

Түркменбашы қаласында 1,5 миллиард долларға салынған жүк және жолаушы порты 2 мамырда ашылды. Порт Түркіменстан табиғи газ экспортына тәуелді экономикасын әр тараптандыруға талпынып жатқан кезде іске қосылып отыр.


Түркіменстан Каспий теңізінде жаңа порт ашты

Түркіменстан Каспий теңізінде жаңа ірі порт ашты. Ашғабад порт елдің экспорттық әлеуетін жақсартып, аймақта Еуропа мен Азияны жалғайтын жүк тасымалы орталығына айналуға мүмкіндік береді деп үміттенеді. Бұл туралы Азаттық Раиосы хабарлады.

Түркменбашы қаласында 1,5 миллиард долларға салынған жүк және жолаушы порты 2 мамырда ашылды. Порт Түркіменстан табиғи газ экспортына тәуелді экономикасын әр тараптандыруға талпынып жатқан кезде іске қосылып отыр. Бір кездері түркімен газының көп бөлігін сатып алатын Ресей 2016 жылы газ бағасына келісе алмай, газ импортын тоқтатқан соң газ экспортынан түсетін табыс айтарлықтай азайып кеткен.