​Цукерберг Facebook қолданушыларынан кешірім сұрады

0
1 370

Facebook британдық БАҚ арқылы Cambridge Analytica-мен болған жанжал үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ria.ru сайтына сілтеме жасап.


​Цукерберг Facebook қолданушыларынан кешірім сұрады

фото: ашық дереккөзден

Facebook британдық БАҚ арқылы Cambridge Analytica-мен болған жанжал үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Facebook компаниясы британдық ірі басылымдардың біріне жексенбілік шығарылымда хабарландыру жариялады. Онда Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг Cambridge Analytica фирмасымен арада болған дау-жанжал үшін кешірім сұраған.

"Университет қызметкерлері жасаған тест қосымшалары арқылы 2014 жылы Facebook-тің 2 млн-ға жуық қолданушылары туралы деректердің сыртқа шыққанын сіздер естіген боларсыздар. Бұл - сенімнің ақталмауы және сол кезде қажетті шара қолдана алмағанымыз үшін өкінемін. Қазір біз сондай жағдай тағы қайталанбас үшін қажеттінің бәрін жасап жатырмыз", - делінген хабарламада.

Хабарламаның астында "Сіз туралы деректерді сақтау - біздің міндетіміз! Егер біз мұны жасай алмасақ, демек біз бұған лайық емеспіз!" деп жазылып, астына Цукербергтің қолы қойылған.

Хабарлама Mail on Sunday, Sunday Times, Sunday Telegraph, Sunday Mirror, Sunday Express и Observer газеттерінің жексенбілік шығарылымында жарияланды.

Өткен сенбіде New York Times газеті АҚШ президенті Дональд Трамппен қызметтес болған сайлауалды компаниясы британдық Cambridge Analytica фирмасы арқылы 50 млн Facebook қолданушыларының дерегін заңсыз алғаны туралы хабарлаған болатын.

Сондай-ақ Цукерберг Cambridge Analytica фирмасына "сенбеуі керек екендігін" де айтқан.