Цукерберг Meta-ның 10 мың қызметкері жұмыстан шығатынын мәлімдеді

0
471

Алдағы бірнеше айда басшылық жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің жалақысы, сұраныс төмен жобалардан бас тарту мен компанияны қайта құрылымдауға қатысты жоспарларын жариялайды.​


Цукерберг Meta-ның 10 мың қызметкері жұмыстан шығатынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Американдық Meta Platforms Inc. (бұрынғы Facebook) алдағы айларда 10 мыңға жуық жұмыс орнын қысқартады, - деп жазадв Tengrinews.kz.

Бұл туралы компанияның бас директоры Марк Цукерберг компания қызметкерлеріне хат жолдаған. Цукерберг 2023 жылды "Тиімділік жылы" деп атап, компания шығындарын шамамен 5 миллиард долларға дейін қысқартуды жоспарлап отырғанын айтқан.

Оның сөзіне қарағанда, бұл айтарлықтай қаржы жетіспеушілігі жағдайындағы шығыстарды азайту бойынша кезекті шара болмақ.

Алдағы бірнеше айда басшылық жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің жалақысы, сұраныс төмен жобалардан бас тарту мен компанияны қайта құрылымдауға қатысты жоспарларын жариялайды.