Тұмаудан 50 адам көз жұмды

0
1 094

​Үш апта ішінде Чехияда тұмаудан 50 адам көз жұмды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ елдің Мемлекеттік медициналық институтына сілтеме жасап.


Тұмаудан 50 адам көз жұмды

Үш апта ішінде Чехияда тұмаудан 50 адам көз жұмды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ елдің Мемлекеттік медициналық институтына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, індет ересек жастағы адамдарға ауыр тиеді. Әдетте оларға тұмаумен қатар өзге де аурулар жабысады.

Қайтыс болғандардың 43-інің жасы 60-тан асқан. Қалғаны 25 пен 59 жасқа дейінгілер. Осы кезге дейін ауруханаға жатқызылған 199 адамның жағдайы ауыр. Көбінің дерті асқынып кеткен.

Бүгінде Чехиядағы тұмаумен ауырғандардың жалпы саны 100 мың адамға шаққанда шамамен екі мыңды құрайды. Дәрігерлердің айтуынша, індет тағы бірнеше апта жалғасады. Бірақ оның өршу кезеңі артта қалды деп сендіреді.

2017 жылдың осы кезеңінде Чех Республикасында сегіз аптаға созылған індеттен 114 адам қайтыс болған. 300-ге жуық науқас ауруханаға жатқызылды.