Тұрғынүй опырылып құлап 10 адам астында қалды

0
898

Оқиға жергілікті уақытпен шамамен сағат 05:50-де орын алған.


Тұрғынүй опырылып құлап 10 адам астында қалды

фото: vesti.ru

ERNUR.KZ. Бүгін Қытайдың шығысында орналасқан Фучжоу қаласында тұрғын үй опырылып түсіп, он адам үйіндінің астында қалып қойған. Бұл туралы ZhongguoXinwenwang ақпараттық порталы хабарлады,деп жазады NUR.KZ.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оқиға жергілікті уақытпен шамамен сағат 05:50-де орын алған.

Төтенше жағдай орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Әзірге олар үйінділер астынан жеті адамды алып шықты. Дәрігерлер зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын маңдағы ауруханаға алып кетті.

Полиция оқиғаның себебін анықтап жатыр. Қазіргі таңда, тергеу жұмыстары басталып кеткен.