Турист әйел шаурмаға миллион теңге төлеген

0
931

​Дәмхананың бұрынғы қызметкері мұндай жағдай туристерді алдау тәсілінің бір бөлігі екенін айтты.


Турист әйел шаурмаға миллион теңге төлеген

ERNUR.KZ. Израильде дәмхана қызметкерлері туристің банк картасынан шаурма үшін 10,1 мың шекель (шамамен 1,1 миллион теңге) шешіп алған, деп жазады sputniknews.kz.

Біраз уақыттан кейін әйел тамақтану орнына қайтып келіп, ақшаны қайтаруды талап еткен. Оның айтуынша, израильдік БАҚ-тар оқиға жайлы жазғаннан кейін қаражат оның шотына қайтарылған.
Шаурма сататын дүңгіршектің иелері қателік кетті деп ақталды. Алайда бұрынғы қызметкер жергілікті БАҚ-қа бейқам туристерді алдаудың мұндай тәсілі бұрыннан бар екенін айтты.
"Ол жерден жұмыстан кетуімнің бір себебі осы. Олар бағадан алдай бастады, бұл сұмдық. Полиция туристермен бірге үш рет келді", - дейді аты-жөнін айтқысы келмеген бұрынғы қызметкер.
Оның айтуынша, көшедегі дәмханада мәзір жоқ, сатушылар шаурманың тәрелкесі 80 шекель тұрады деп айтып, ал ақысын еуро немесе доллармен алатын көрінеді. Кейде клиент шоттағы "қатені" байқап қалады, ал кейде банк картасымен төлей салады.