Туристер үшін ең қауіпсіз ел анықталды

0
972

Сарапшылар мемлекеттерді саяси тұрақсыздық, әлеуметтік толқулар, сондай-ақ зорлық-зомбылық қылмыстары мен ұсақ бұзақылықтар тұрғысынан бағалады.


Туристер үшін ең қауіпсіз ел анықталды

ERNUR.KZ. Туристер үшін ең қауіпсіз елдер – Исландия, Дания, Норвегия және Финляндия, деп хабарлайды Хабар24.

International SOS медициналық-туристік ұйымының мамандары осындай қорытындыға келді.

Еуропаның көп бөлігі, Ұлыбритания, Канада, Австралия және Америка Құрама Штаттары төменгі тәуекел деңгейіндегі елдер тізіміне енгізілді.

Сарапшылар мемлекеттерді саяси тұрақсыздық (терроризм, митингілер, тәртіпсіздіктер және соғыс ықтималдығы), әлеуметтік толқулар (діни, қоғамдастық және этникалық зорлық-зомбылық), сондай-ақ зорлық-зомбылық қылмыстары мен ұсақ бұзақылықтар тұрғысынан бағалады.

Сондай-ақ рейтингте көлік инфрақұрылымының сенімділігі, қауіпсіздік пен төтенше жағдайлар қызметінің тиімділігі, аумақтардың табиғи апаттарға осалдығы ескерілді.