"Түркіменбашы өлді" деп қуанғандар ұсталып жатыр

0
790

20 шілдеде орыстілді баспасөз Түркіменстан президентін "о дүниеге аттандырып" тастаған болатын.


ERNUR.KZ.Түркіменстанда президент қайтыс болды, немесе оның денсаулығы нашар екен, деген өсек таратқандарды жаппай ұстау басталды, полиция күшейтілген тәртіпке көшті, деп жазады zakon.kz.

"Түркіменбашы өлді" деген жалған ақпарат тарату – "елдегі жағдайды тұрақсыздандыру" деп бағаланады, әзірге жалған ақпарат таратқан үш адам ұсталды.

Түркімен шоу-бизнесінің жұлдыздары Гурбангулы Бердымұхамедовтың өлімі туралы хабар таратқан адамдарды "отанын сатқан сатқындар" деп "айыптауға" кірісті.

Түркімен комигі Ягшы Гошунов өсек таратушыларды қарғап-сілеп, халықты "отан мен президентті" сүюге шақырды.

20 шілдеде орыстілді баспасөз Түркіменстан президентін "о дүниеге аттандырып" тастаған болатын.

Кейінірек елдің Мәскеудегі елшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.