Түркіменстанда импорттық тауарлар 80 пайызға қымбаттады

0
1 092

Ашхабадтың сауда орындары мен базарларда азық-түлік бағасы тағы қымбаттады. Азаттықтың Түркіменстандағы тілшісінің сөздеріне қарағанда, соңғы он күнде сырттан келетін өндіріс тауарларының бағасы 80 пайызға өскен,-деп хабарлайды centralasian.org.


Түркіменстанда импорттық тауарлар 80 пайызға қымбаттады

фото: centralasian.org

Ашхабадтың сауда орындары мен базарларда азық-түлік бағасы тағы қымбаттады. Азаттықтың Түркіменстандағы тілшісінің сөздеріне қарағанда, соңғы он күнде сырттан келетін өндіріс тауарларының бағасы 80 пайызға өскен,-деп хабарлайды centralasian.org .

"Ең бірінші жуғыш заттар қымбаттаған. Кір жуатын ұнтақ сабынның 500 грамм бағасы 7 манат (2 доллар көлемінде) болған, ал қазір 17 манат тұрады. Парфюмерия өкімдері 250-300 манаттан 350-400 манатовқа өсіп кетті", - дейді Ашхабад шолушысы Аманмырат Бугаев.

Сонымен бірге нан өнімдері де қымбаттаған. "Селим", "Томус", "Саглык" фирмасының нан өнімдерінің 300 граммы 1 манаттан 4.5 манатқа бір-ақ көтерілген.

Осыған дейін Түркіменстанда ұн, сүт және ет өнімдері бағасы өсіп, сауда орындарында тапшылық байқалатыны хабарланған.

Соңғы 2 жылда да бензин бағасы 50 пайызға қымбаттаған.