Түркіменстанның жаңа президенті кім екені белгілі болды

0
936

​Сердар Бердімұхамедов 1981 жылы дүниеге келген.


Түркіменстанның жаңа президенті кім екені белгілі болды

ERNUR.KZ. Түркіменстандағы Президент сайлауында Сердар Бердымухамедов сайлаушылардың 72,97% дауысымен жеңіске жетті. Ол - қазіргі Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердымухамедовтың ұлы. Әкесі 2007 жылдан бері елдегі екінші президент, деп жазады inbusiness.kz.

"Түрікменстанның сайлау кодексінің 76-шы бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы қаулысы негізінде сайлаушылар дауысының 72,97 пайызын жинаған Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедов Түркіменстанның президенті болып сайланды", – деп жазылған Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Инаугурация 19 наурызда өтеді.

Сердар Бердімұхамедов 1981 жылы дүниеге келген. Ниязов атындағы түрікмен ауыл шаруашылығы университетін "инженер-технолог" мамандығы бойынша бітірді.

2008-2011 жылдары Ресейдің СІМ дипломатиялық академиясында оқып, халықаралық қатынастар маманы атанды.

Еске салар болсақ, 12 наурыз, сенбі күні таңертең Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы болған. Түркіменстан президенттігіне үш партия атынан тоғыз үміткер қатысты. Елдің заңнамасына сәйкес, сайлау кезінде сайлаушылардың қатысуы үшін белгіленген шек жоқ. Бұл сайлаушылардың кез келген белсенділігімен сайлау өтті деп танылатынын білдіреді.