Түркия электронды темекіні импорттау мен сатуға тыйым салмақ

0
799

Заң жобасы Түркия парламентіне ұсынылады.


Түркия электронды темекіні импорттау мен сатуға тыйым салмақ

ERNUR.KZ. Түркия үкіметі электронды темекіні сатуға тыйым салмақ. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Электронды темекіні сатуға, импорттауға тыйым салынады. Біз осы жөніндегі заң жобасын әзірлеп жатырмыз», - деді министр.

Оның айтуынша, осы мәселе қарау үшін Түркия парламентіне ұсынылады.