Түркия президенті тікелей эфирде вакцина салдырды

0
2 456

Мемлекет басшысына CoronaVac вакцинасы салынды. Оны Түркия Қытайдың Sinovac Biotech компаниясынан сатып алды.


Түркия президенті тікелей эфирде вакцина салдырды

ERNUR.KZ. 14 қаңтарда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға баспасөздің көзінше коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасының біріншісі салынды. Анкарада ауруханада өткен процедура тікелей эфирде көрсетілді, деп жазады tengrinews.kz.

Мемлекет басшысына CoronaVac вакцинасы салынды. Оны Түркия Қытайдың Sinovac Biotech компаниясынан сатып алды. Daily Sabah мәліметінше, елге бұл препараттың үш миллион дозасы әкелінген.

Түркия президенті ел тұрғындарының тезірек вакцина алатынына үміт білдірді. Оның айтуынша, Қытайдан тағы 25-30 миллионға жуық доза жеткізілген.

"Біздің вакцинация бағдарламамыздың арқасында 254 мың медицина маманы вакцинаның бірінші дозасын алды. Мен де оларға қосылып, вакцина салдырттым", - деді түрік басшысы.