Түркия Ресейден С-400 зымырандарын сатып алады

0
1 200

АҚШ-тың қарсылық білдіруіне қарамастан түріктер Ресеймен С-400 зымырандарын сатып алуға келісті.


Түркия Ресейден С-400 зымырандарын сатып алады

Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

ERNUR.KZ Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу ресейлік С-400 зымыран кешендері АҚШ-тың наразылығы мен қысымына қарамастан Түркияға жеткізілетінін мәлімдеді, деп жазады Euronews.com.

Ол бұл жайлы Антальяда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу барысында айтты.

"Біз Ресеймен келісімге қол қойдық, кейбір елдер бізге ҚРЗ ұсынғысы келмеді.. Бұл Шарт күшінде. Және де үшінші тараптың екі ел арасындағы келісімге қарсы тұру және олар қабылдаған шешімдерге ықпал ету әрекеттері халықаралық құқыққа қайшы келеді", - деді Мевлют Чавушоглу.