Түркияда әскери тікұшақ құлады

0
2 630

Қаза тапқандар бар.


Түркияда әскери тікұшақ құлады

ERNUR.KZ. Түркия шығысында әскери тікұшақ апатынан 11 сарбаз, оның ішінде бір генерал қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алды. Бұл ақпаратты елдің Қорғаныс министрлігі растады, деп жазады tengrinews.kz.

Қаза тапқандардың бірі түрік құрлық әскері 8-корпусының командирі генерал Осман Эрбаш болды.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16.55-те Бингельден Татванға ұшқан "Кугар" типті тікұшақпен байланыс жарты сағаттан кейін үзілді. Іздеуге ұшқышсыз ұшатын аппарат, CN-235 ұшағы және тікұшақ жіберілген. Нәтижесінде тікұшақ құлағаны анықталды. Оның құлаған жерінде тоғыз мәйіт және жарақат алған төрт адам табылды. Кейін қаза болғандар саны 11-ге артты.

Түркия президенті әкімшілігінің хабарына қарағанда, қорғаныс министрі Хулуси Акар президент Тайып Ердоғанға осы оқиғаны жеткізген. Акар Түркияның штаб бастығы және құрлықтағы әскер қолбасшысымен бірге оқиға орнына барды.

Тікұшақ апатының мән-жайын тергеу басталды. Әскери ақпарат көздеріне сәйкес, апатқа техникалық ақаулар және ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.