Түркияда көпірдің опырылған сәті видеоға түсіп қалған

0
638

Бейне бақылау камералары түсірген видеода екі адамның, тұрақтағы көліктің суға кеткені көрінеді.


Түркияда көпірдің опырылған сәті видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Түркияда көпір опырылып, салдарынан екі адам зардап шекті, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 26 тамызда Самсун қаласында болған. Бейне бақылау камералары түсірген видеода екі адамның көпірден өткен бетте, жер суға кетіп, адамдар өзенге құлайды. Олардан кейін тұрақта тұрған автокөлік те суға ағып кетті.

Жергілікті билік өкілдері зардап шеккендердің жеңіл жарақат алғанын айтты. Олардың айтуынша, осыған дейін көпір жабылған. Оқиғаға дейін осы аймақта нөсер жауын жүрген. Ол көпірдің қирауына әсер еткен болуы мүмкін.