Түркияда президент сайлауы 14 мамырда өтеді

0
589

Ердоғанның сайлаудағы қарсыласы да белгілі болды. Ол республикалық халық партиясының басшысы – Кемал Кылычдароғлу.


Түркияда президент сайлауы 14 мамырда өтеді

ERNUR.KZ. Ердоған президент сайлауы мен 28-ші мерзімді парламент сайлауының 14 мамырда өткізілуіне байланысты шешімге қол қойды, деп жазады Inbusiness.kz.

Бұл шешім ертең ресми газетте жарияланады. Одан кейін жоғарғы сайлау кеңесі екі айлық сайлау күнтізбесін бастайды.

Президент Ердоған: "Сайлау кезеңінде күн тәртібі тағы да жер сілкінісі құрбандарының жараларын емдеу мен осы апаттың экономикалық әрі әлеуметтік зиянын өтеу жұмыстарына арналады" деді.

Айта кетейік жақында Ердоғанның сайлаудағы қарсыласы да белгілі болды. Ол республикалық халық партиясының басшысы – Кемал Кылычдароғлу.