Түркияда тағы жер сілкінді

0
491

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты.


Түркияда тағы жер сілкінді

ERNUR.KZ. Түркияның Кахраманмараш қаласының маңында 4,8 балдық жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) айтуынша, 4,8 балдық жер сілкінісі Түркияның орталық бөлігінде тіркелген. Жер сілкінісі UTC уақыты бойынша 07.18-де Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің эпицентрі – Кахраманмараш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 44 шақырым жерде тіркелді, тереңдігі 10 шақырым», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты, 62 914 адам жарақат алды. Халықты орналастыру үшін 70 818 шатыр тігілген.