Түркияда жүк көлігі адамдарды басып өтті: 16 адам қайтыс болды

0
875

Оқиға жанармай құю бекетінің жанында болған.


Түркияда жүк көлігі адамдарды басып өтті: 16 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Түркияның Дерик қаласында жүк көлігі адамдарды басып кеткен. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көліктің тежегіші істен шыққан, деп жазады Stan.kz.

Оқиға жанармай құю бекетінің жанында болған. Видеода жүк көлігінің адамдар тобына қалай соғылып жатқанын көруге болады.

Көлік алдымен тоқтап тұрған екі көлікке соқтығысқан. Апат салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы 26 адам жарақат алған, оның сегізі ауыр жағдайда.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен полиция жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Түркияда 20 тамызда бірден үш ірі апат орын алған. Бұған дейін Анталияда екі автобус соқтығысқан, Трабзондағы апаттан тағы 20 турист зардап шеккен.