Түркиядағы Аланьяда қатты жел соғып, торнадо болуы ықтимал

0
457

Түркияның Аланья курорттық қаласында жаңбыр мен бұршақ жауып, торнадо, су тасқыны болуы ықтимал.


Түркиядағы Аланьяда қатты жел соғып, торнадо болуы ықтимал

ERNUR.KZ. Қала әкімдігі синоптиктерге сілтеме жасай отырып, қаланың басым бөлігінде жаңбыр, таулы аймақтарда қар жауатынын ескертті, деп жазады inbusiness.kz.

"Азаматтардан қырағылық танытып, жауын-шашынның салдарынан сел, су тасқыны, торнадо, бұршақ, қатты жел, көктайғақ болуы мүмкін болғандықтан аллын-ала шара қабылдауды сұраймыз", — делінген Аланья әкімдігінің мәлімдемесінде.

Бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа мен Адыяман провинцияларында нөсер жаңбыр су тасқынын тудырып, нәтижесінде кем дегенде 15 адам қаза тапты.