Түркиядағы фейерверк фабрикасында жарылыс болды

0
492

Мекеме басшылығының айтуынша, жарылыс болған сәтте өндіріс алаңында 150-200 адам болған.


Түркиядағы фейерверк фабрикасында жарылыс болды

ERNUR.KZ. Түркияның солтүстік-батысындағы Сакарья провинциясы Хендек ауданындағы фейерверк шығаратын фабрикада жұма күні таңертең жарылыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Мекеме басшылығының айтуынша, жарылыс болған сәтте өндіріс алаңында 150-200 адам болған.

Жарылыстың даусы 50 шақырым жерге дейін анық естілген.

Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Жарылыстың себебі әзірге белгісіз.