Түркиядағы жер сілкінісін болжаған зерттеуші алда тағы да қауіп барын ескертті

0
636

Осы айдың басында магнитудасы 7 тіпті 8 балдан асатын жер сілкінісі болуы мүмкін.


Түркиядағы жер сілкінісін болжаған зерттеуші алда тағы да қауіп барын ескертті

ERNUR.KZ. Түркияда қатты жер сілкінісі болатынын болжаған нидерландтық зерттеуші Фрэнк Хугербит наурыздың басында болуы ықтимал зілзала туралы ескертті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның пікірінше, осы айдың басында магнитудасы 7 тіпті 8 балдан асатын жер сілкінісі болуы мүмкін.

Айтуынша, планеталардың күрделі геометриясы 2 және 5 наурызда жақындасады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде 3-4-і немесе 6-7 наурызда ауқымды сейсмикалық құбылыстарға әкелуі мүмкін.

«Наурыздың бірінші аптасы өте қауіпті болуы мүмкін, асыра айтқаным емес. Үрей тудырудан аулақпын. Бұл жай ғана ескерту, өйткені күрделі планетарлық геометрия айтарлықтай сейсмикалық құбылыстарды тудырады. Мұны назарсыз қалдыруға болмайды»,- дейді Хугербит Survey of Geometry of the Solar System ұйымының YouTube арнасында жарияланған видеода.

Оның болжауынша, наурыздың бірінші аптасында магнитудасы 6 балл болатын бірқатар сейсмикалық құбылыс болуы мүмкін.

«Сценарийді дамытудың екі жолы бар. Ауқымды жер сілкінісі 3-4 наурызда болуы мүмкін, содан кейін толық айда 6-7 наурызда сейсмикалық белсенділіктің жоғарылауы байқалады. Белгілі бір сейсмикалық белсенділік 3-4 наурызда байқалады, содан кейін 6-7 наурызда ірі сейсмикалық құбылыс болады», - деді Хугербит.

Сондай-ақ, видеода ол атмосфералық қысымның ауытқуы алдағы сейсмикалық құбылыстардың қай жерде тіркелуі мүмкін екендігінің маңызды көрсеткіші болатындығын атап өтті.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Хугербиттің айтуынша, сейсмикалық белсенділік Солтүстік Америкада, Камчаткада, Курил аралдарында, Жапонияда, Филиппинде және Индонезияда байқалуы мүмкін.

«Мен тек болуы мүмкін екендігін айтып отырмын. Алдағы күндері атмосфералық қысымның қосымша ауытқу болуы мүмкін. Ол туралы хабарлайтын боламыз», - делінген бейненің соңында.

groundreport.nl порталында Франк Хугербитке қатысты оның сейсмикалық белсенділікке байланысты аспан денелерінің геометриясын бақылауға арналған ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істейтіні айтылған.

Зерттеушінің ғылыми дәрежесі болмаса да, зілзала мәселесіне қызығушылық танытып, ықтимал жер сілкінісі туралы жиі болжам жасайды. Хугербит апаттан үш күн бұрын Түркия мен Сириядағы жер сілкінісін болжаған еді.