Үй тапсырмасын дұрыс орындамаған оқушыларды ұрған мұғалімнің видеосы тарады

0
1 050

Видео кадрларынан мұғалімнің қатарларды аралап, оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп жүргенін аңғаруға болады.


Үй тапсырмасын дұрыс орындамаған оқушыларды ұрған мұғалімнің видеосы тарады

ERNUR.KZ. Бұхарада бастауыш мұғалімі үй тапсырмасын нашар орындағаны үшін сыныптағы барлық оқушыны ұрып-соқты. Видео кадрлары желіде тарады, деп жазады stan.kz.

Видео кадрларынан мұғалімнің қатарларды аралап, оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп жүргенін аңғаруға болады. Алайда ол дұрыс орындамағандардың құлағынан, бетінен, желкесінен ұрып, шаштарынан тартып, соққан.

Депутат Расул Көшербаев Өзбекстан Халық білім беру министрлігі мен басқа да ведомстволардан жағдайды бақылауға алуды сұрады.

Кейін мұғалім өз еркімен жұмыстан кеткен.

"Бұл төтенше жағдай деп бағаланып, сол күні облыс әкімінің орынбасары Мирәлі Хамроевтың жетекшілігімен мәжіліс өтіп, оқиға талқыланды. Халық білім беру басқармалары басшыларына қатаң міндеттер қойылды. Мектеп директорларына ұстаздардың педагогикалық мәдениетін арттырып, осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алуы тапсырылды" ,- деді халық ағарту басқармасы.