Үйін жалдап отырған отбасының жасөспірім қызын зорлаған күдікті ұсталды

0
2 301

Ер адам 13 жасар қызды көлігіне отырғызып, балмұздақ әперіп, екінші рет зорламақ болған


Үйін жалдап отырған отбасының жасөспірім қызын зорлаған күдікті ұсталды

иллюстрациялық фото

Қырғызстанда Ыстықкөлде әкесі жасөспірім қызын зорламақ болған азғыннан құтқарды, деп жазады zakon.kz.

Оқиға Ыстықкөл облысы Джеты-Огуз ауданында 2 шілдеде болған.

Ер адам 13 жасар қызды көлігіне отырғызып, балмұздақ әперіп, екінші рет зорламақ болған, деп хабарлайды жергілікті милиция.

Әкесі қызын 42 жастағы ер адамның көлігінен тауып алып, милицияға арыз берген.

Қыздың айтуынша, ер адам бір күн бұрын оны үйде зорлаған екен. Бастапқы деректер бойынша, күдікті жәбірленушінің отбасы жалға алып отырған үй иесінің ұлы.

Күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып тиісті сараптама тағайындалған.