Үйлену тойында қонақтар жаппай уланды – қылмыстық іс қозғалды

0
1 126

Тойға келген 500 адамның тоқсаны уланып қалды.


Үйлену тойында қонақтар жаппай уланды – қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Әзербайжанның Зяргярли ауылында өткен үйлену тойында меймандар жаппай уланды, деп жазады sputniknews.kz.

Мереке аяқталғаннан кейін ішек инфекциясы симптомы 89 адамда байқалған, сегізі – бала. Бұл - аудандық аурухана мен Габала диагностикалық орталығына дәрігер көмегіне жүгінгендер. Жас жұбайлардың жағдайы белгісіз, деп хабарлайды Sputnik Әзербайжан.

Әзербайжанның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, медициналық көмек көрсетілген соң адамдар үйіне жіберілген. 15 жастағы бала ауруханада ем қабылдап жатыр.

Жаппай улану фактісін құқық қорғау органдары тексеретін болады. Сондай-ақ, бұл іске азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің мамандары да жұмылдырылған. Қылмыстық іс қозғалды.