Украина ТМД халықтарының ерлігі мен қаһармандығын мәңгі есте сақтау жөніндегі келісімнен шықты

0
613

Украинаның Жоғарғы Радасы елдің ТМД халықтарының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен қаһармандығын мәңгі есте сақтау жөніндегі келісімнен шығуын жақтап дауыс берді.


Украина ТМД халықтарының ерлігі мен қаһармандығын мәңгі есте сақтау жөніндегі келісімнен шықты

ERNUR.KZ. Бұл туралы Рада депутаты Ярослав Железняк Telegram-да мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдауға 274 халық қалаулысы дауыс берген.

Келісімге 2011 жылы қол қойылды. Бұл құжат тараптарды, атап айтқанда, әскери бейіттерге күтім жасауды қамтамасыз етуге және әскери ескерткіштерді вандализмнен қорғауға міндеттейді.