Украинада 100-ден аса бейбіт тұрғын қаза тапты – БҰҰ

0
648

Ресей президенті Владимир Путин Украинада "арнайы әскери операция" жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.


Украинада 100-ден аса бейбіт тұрғын қаза тапты – БҰҰ

ERNUR.KZ. Украинадағы соғыста төрт күнде 100-ден аса бейбіт тұрғын қаза тауып, 300-ден аса адам жараланды, деп жазады inbusiness.kz

Біріккен Ұлттар ұйымының мәліметінше, 4 күнде Украинадағы соғыста 100-ден аса бейбіт тұрғын көз жұмып, 300-ден аса адам жараланған.

Биыл 28 ақпан Женевада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет қаза тапқандардың арасында кем дегенде 7 бала барын, жаралған тұрғындардың басым бөлігі артиллериялық және зымыран шабуылынан, әуе бомбаларының жарылуынан зардап шеккенін айтқан.

Бұл туралы dw.com хабарлады. Украинаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ресейдің Украинаға басып кірген күннен бастап әскери шабуылы салдарынан 352 адам қайтыс болған, оның ішінде 16 бала бар. 2040 адам жарақат алған, оның 45-сі бала.