Украинада президент сайлауы өтіп жатыр

0
973

Бүгін Украинада президент сайлауы басталды. Дегенмен, тәуелсіз сарапшыларға дейін кімнің басым дауыс жинайтынын айта алмай отыр.


Украинада президент сайлауы өтіп жатыр

ERNUR.KZ 31 наурызда Украинада президент сайлауы басталды. Дауыс беру учаскелері ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Әзірге тәуелсіз сарапшылардың ешбірі кімнің жеңіске жететіні туралы болжам жасаған жоқ. Мамандардың ойынша, президент сайлауы екі кезеңге созылып, соңында үш фаворит қалады - қазіргі президент Петр Порошенко, Юлия Тимошенко және Владимир Зеленский. Биыл Украина президент сайлауына рекордтық кандидат түсіп отыр - 39 адам. Орталық сайлау комиссиясының соңғы күнінде 44 кандидат құжаттарын тапсырған. Алайда бес кандидат біршама уақыттан соң басқалардың пайдасы үшін өз кандидатурасын алып тастады. Егер бірінші кезеңде кандидаттардың бірі 50 пайыздан аса дауыс жинамаса, 21 сәуірде екінші кезең өтеді. Сайлауды бақылау үшін 19 ұйымнан және 17 мемлекеттен 2 мыңнан аса халықаралық бақылаушы қатысып жатыр. Мемлекет басшысы құпия дауыс беру арқылы бес жылға сайланады.