Ұлыбритания Еуропада коронавирустан қайтыс болған адам саны бойынша екінші орынға шықты

0
709

Ал жалпы індеттен зардап шеккен елдердің тізімінде Испания, Италия, және Франция бар.


Ұлыбритания Еуропада коронавирустан қайтыс болған адам саны бойынша екінші орынға шықты

ERNUR.KZ. Ұлыбритания Еуропада коронавирустан қайтыс болған адам саны бойынша екінші орынға шықты. Бірінші орында Италия, деп жазады Tengrinews.kz.

Ұйым мәліметінше, Италияда коронавирустан 27 682 адам қайтыс болған. Ал Ұлыбританияда эпидемия басталғалы 26 097 адам көз жұмған. Үшінші орында Испания: 24 775 адам. Артынша Франция - 24 087 адам.

Ал дүние жүзінде коронавирустан қайтыс болған адам саны бойынша бірінші орында АҚШ: 61 мыңға жуық адам. 1 миллионнан аса адам COVID-19 жұқтырған. Ел президенті Дональд Трамп штаттарды карантин режимін алуға әрекет етуге шақырған көрінеді.