Ұлыбритания тұрғындары COVID-19-ға байланысты қайтадан жаппай азық-түлік сатып алып жатыр

0
458

Наурызда алғашқы карантин кезінде жергілікті халық 60 миллион фунт (шамамен 33 миллиард теңге) тауар сатып алған екен.


Ұлыбритания тұрғындары COVID-19-ға байланысты қайтадан жаппай азық-түлік сатып алып жатыр

ERNUR.KZ. Ұлыбритания билігі COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюіне байланысты бүкіл ел бойынша шектеу шараларын енгізіп жатқанда, халық тағы да дүрбелеңге түсіп, жаппай азық-түлік сатып алып жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Сатушылар тұрғындардан дүрбелең тудырмауды сұрап жатыр. Алайда егер дүрбелең жалғаса берсе дүкендерде наурыз айындағыдай азық-түлік тапшылығы болады дейді.

Наурызда алғашқы карантин кезінде жергілікті халық 60 миллион фунт (шамамен 33 миллиард теңге) тауар сатып алған екен.