Үндістанда аттракцион 15 метр биіктіктен құлап кетті (видео)

0
839

Жергілікті БАҚ беттерінде кемінде 50 адам жарақат алғаны, ал жоғарыда айтылғандай 16 адам ауыр жағдайда ауруханаларға жеткізілгені жазылған.


Үндістанда аттракцион 15 метр биіктіктен құлап кетті (видео)

ERNUR.KZ. Үндістанда демалушылар отырған аттракцион 15 метр биіктіктен құлады. Оқиға салдарынан ондаған адам жарақат алды, сол сияқты 16 адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны куәгерлер таратты.

Оқыс жағдай Мохали қаласында кешкі 9 шамасында болды. Аттракционның ережесі бойынша адамдар отыратын орын жоғарыға көтерілген соң төменге құлдилап барып тоқтауы тиіс болатын. Ал бұл жолы техникалық ақауларына байланысты тоқтамастан бірден жерге құлады.

Жергілікті БАҚ беттерінде кемінде 50 адам жарақат алғаны, ал жоғарыда айтылғандай 16 адам ауыр жағдайда ауруханаларға жеткізілді. Сол маңда болғандар зардап шеккендерді ауруханаға өз көлігімен жеткізді.

Оқиға орнында құқық қорғау органдары тергеу жұмысын жүргізіп жатыр.