Үндістанда көпқабатты үйдің шүмегінен су орнына ішімдік аққан

0
623

Жағымсыз иістің шыққанына тұрғындар бірден назар аударған және күмән тудырған суды пайдаланбаған.


Үндістанда көпқабатты үйдің  шүмегінен су орнына ішімдік аққан

ERNUR.KZ. Үндістандағы Керал штатында көпқабатты үй пәтерлерінің шүмектерінен ішімдік аққан, деп жазады ҚазАқпарат.

Телеарнаның хабарлауынша, жағымсыз иістің шыққанына тұрғындар бірден назар аударған және күмән тудырған суды пайдаланбаған.

Жергілікті билік органдарына шағымданғаннан кейін, бұрын тәркіленген 6 мың литр алкогольдің үй маңындағы су жиналатын ұңғыманың қасына көмілгені анықталды.

Топырақ арқылы ішімдік тұщы судың қайнар көзіне түсіп кеткен. Оқиғаның салдары жойылуда.