Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты

0
600

Билік жалпыұлттық карантинді қайта енгізуден бас тартқан.


Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты

ERNUR.KZ.Соңғы бір тәулікте вирус 92 мыңнан астам адамнан анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерттен 1 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Сарапшылар шектеулерді алғаннан алдағы апталарда індеттің таралуы күшейіп, науқастардың саны артатынын айтады. Бірақ билік елде дерттен жазылып шыққандар көрсеткіші 78%-ті құрайтынын алға тартып, жалпыұлттық карантинді қайта енгізуден бас тартқан.

5 миллионнан астам науқастың 4 миллиондайы жазылып кеткен. Бірақ індеттен Үндістан экономикасы сәуір-маусым айы аралығында 24%-ға дейін қысқарып, миллиондаған адам жұмыссыз қалған.