Үндістанда маймыл шешегінен алғаш рет бір адам көз жұмды

0
456

Үндістан денсаулық сақтау министрі Вина Джордж 22 жастағы ер адам 30 шілдеде Триссур қаласында көз жұмғанын және жігіттің 22 шілдеде Біріккен Араб Әмірліктерінен келгенін хабарлады.


Үндістанда маймыл шешегінен алғаш рет бір адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Үндістандағы Керал штатында маймыл шешегіне ауруына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен науқастың өлімі алғаш рет тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.

Үндістан денсаулық сақтау министрі Вина Джордж 22 жастағы ер адам 30 шілдеде Триссур қаласында көз жұмғанын және жігіттің 22 шілдеде Біріккен Араб Әмірліктерінен келгенін хабарлады.

26 шілдеде ол дене қызуы көтерілгеннен кейін Триссурдағы ауруханаға барған. Кейін оны жекеменшік ауруханаға ауыстырған. Денсаулық сақтау министрі ер адамға шетелде болған кезде маймыл шешегі диагнозы қойылғанын айтты, бірақ оның отбасы бұл туралы ауруханаға науқас қайтыс болған күні хабарлады. Пациент көз жұмғаннан кейін оның барлық байланыста болған адамдары бақылауға алынды.

Науқаста бұрын қандай қандай созылмалы аурулар болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта Үндістанда маймыл шешегінің төрт жағдайы расталды, үшеуі Кералда және біреуі Делиде. Ақпарат агенттігі бұған дейін Еуропада маймыл шешегінен болған екі өлім жағдайы екеуі туралы хабарлаған болатын.