Үндістанда омикрон XE коронавирусының жаңа түрі тіркелді

0
736

Омикрон штамына қарағанда жұқпалы деп есептелетін бұл жаңа нұсқа алғаш рет Ұлыбританияда табылды.


Үндістанда омикрон XE коронавирусының жаңа түрі тіркелді

ERNUR.KZ. Үндістанның қаржылық астанасы Мумбай қаласында бүгін XE коронавирусының «омикрон» штамының кіші түрін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.

Омикрон штамына қарағанда жұқпалы деп есептелетін бұл жаңа нұсқа алғаш рет Ұлыбританияда табылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жаңа мутация коронавирустың «омикрон» штамының BA.2 қосалқы түріне қарағанда жұқпалылығы шамамен 10 пайызға жоғары.

Осы уақытқа дейін коронавирус штамының омикрон BA.2 түрі COVID-19-дың барлық нұсқаларының ішіндегі ең жұқпалысы болып саналып келген.