Үндістанда той шеруіндегі қатты музыкадан 60-тан астам тауық қырылып қалды

0
612

Дәрігерлер құстардың жүрегі жарылып өлгенін айтқан.


Үндістанда той шеруіндегі қатты музыкадан 60-тан астам тауық қырылып қалды

ERNUR.KZ. Үндістанда полиция үйлену тойы шеруінен кейін бірден 63 тауықтың қырылып қалу фактісіне қатысты тергеу шараларын жүргізуде, деп жазады kaz.nur.kz.

Баласор округінде тұратын фермердің айтуынша, бұл жайт өткен жексенбі күні түн уағында болған. Ол полицияға арыз жазып, шара қолдануын сұраған. Айтуынша, фермасының жанынан сағат түнгі 23.40-та тойы шеруі өтіп, кейін құстары қырылып қалған.

"Диджейден музыканың дауысын бәсеңдетуді талап еттім. Себебі, ол тауықтарды шошытып жіберді. Алайда күйеу жігіттің достары маған дауыс көтеріп, керісінше диджейге музыканы қаттырақ шығаруға бұйрық берді. Олар менің фермамның жанына қасақана 15 минут тоқтап, музыка дауысын қатты шығарып тұрып алды", - дейді полицияға шағымданған Ранджит Кумар Парида.

Ал той шеруі кетіп қалғаннан соң Кумар жерде жатқан өлі тауықтарды көріп, таңғалған. Дүйсенбі күні ол мал дәрігерлерін шақырып, құстардың неден өлгенін сұраған. Мамандар құстар жүрегі жарылып өліп кеткенін жеткізген.

"Менің фермамда шамамен 2 мың тауық болған. Өлген әр тауықтың салмағы 3 келі болатын. Шығын 25 мың рупий. Өлген тауықтар әлі жатыр. Себебі тергеу аяқталғанша оларды қозғамауды сұрады", - дейді фермер.