Үндістанда ұшақ апатқа ұшырап, 20 адам қаза болды

0
538

120 жолаушы әртүрлі жарақат алған.


Үндістанда ұшақ апатқа ұшырап, 20 адам қаза болды

ERNUR.KZ. Air India Express авиакомпаниясына тиесілі ұшақ Үндістанның оңтүстігінде орналасқан Кожикоде қаласының әуежайында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Хабар24.

Бортында 191 жолаушы болған. Соңғы деректерге сүйенсек, жиырма адам қайтыс болған. Екі ұшқыштың көз жұмғаны жайында да хабарланды. 120 жолаушы әртүрлі жарақат алған.

Ұшақ қатты нөсер кезінде қонғаны жайында ақпар бар. Боинг ұшу алаңынан шығып барып, қаққа бөлінген секілді.

Апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Мамандар оқиғаға ауа райы әсер етті деген пікір ұстануда. Анық қанығын тергеу, тексеру амалдары анықтайды.