Үндістанда жеті адамды жеп қойған қолтырауын қолға түсті

0
1 746

Жануар көбінесе өзеннің жағасында кір жуған әйелдерге шабуылдаған.


Үндістанда жеті адамды жеп қойған қолтырауын қолға түсті

ERNUR.KZ. Үндістанның Гуджарат штаты Вадодара қаласында өзеннің жағасында кір жуып жатқан әйелді өлтірген қолтырауын қолға түсті, деп жазады kaz.nur.kz.

Қолтырауын жеті жыл бойы Махадевапура ауылы маңындағы Дев өзенін мекен еткен.

Осы уақыт аралығында ол жеті адамды жеп қойған. Көбінесе ол өзеннің жағасында кір жуған әйелдерге шабуылдап келген. Соңғы рет мұндай оқиға 3 шілдеде болған. Жыртқыш 54 жастағы ауыл тұрғынын суға тартып әкетіп, мерт қылған.

Құтқарушылар тобы, қолтырауын аулаушылар және жергілікті орман шаруашылығы департаментінің өкілдері 36 сағат бойы жануарды аулауға тырысқан. Ақырында олар тұзақтың көмегімен қолтырауынды қолға түсірген. Жыртқыш Вадодара қаласының орман шаруашылығы департаментіне өткізілді.

Жергілікті билік қолтырауынның адамдарға мұндай қатігездік танытуына жақын жердегі онкологиялық ауруларға арналған ауруханадан биомедициналық қоқыстық өзенге жиі төгілуі себеп болған деп болжауда.