Үндістанда жүк көлігі басып кеткен 15 адам мерт болды

0
2 267

Жүк көлігінің жүргізушісі қараңғыда жол бойынша жатқан жұмысшыларды көрмей, үстінен жүріп өткен.


Үндістанда жүк көлігі басып кеткен 15 адам мерт болды

ERNUR.KZ. Үндістанда қалаға жұмыс істеуге келіп, жол бойында түнеген 15 жұмысшыны жүк көлігі басып, мерт қылды, деп хабарлайды Хабар24.

Оқиға Гуджарат штатының батысындағы Сурат қаласынан 60 км қашықтықтағы тасжолда болған. Жүк көлігінің жүргізушісі қараңғыда жол бойынша жатқан жұмысшыларды көрмей, үстінен жүріп өткен. Салдарынан 12 адам оқиға орнында қаза болып, тағы сегіз адам ауыр жарақат алды.

Жәбірленушілердің үшеуі ауруханада қайтыс болды, тағы бірнеше адамның жағдайы ауыр.

Ал штат полициясының айтуынша, адамдарды басып кетпес бұрын самосвал трактормен соқтығысқан. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауды бастады.