Үндістанды жұмыссыздық жайлап барады

0
1 168

Елдегі жұмыссыздық деңгейі соңғы 45 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жеткен.


Үндістанды жұмыссыздық жайлап барады

ERNUR.KZ. Үндістан экономикасы соңғы жылдары қиын жағдайды бастан кешуде. Ел билігі осы орайда бірнеше мәрте пайыздық мөлшерлемені өзгертті. Бірақ бұл шара оншалықты нәтиже бермей отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кететін жайт, 2019 жылы елдің ЖІӨ-нің өсімі бірінші тоқсанда 5,8 % құрап, Үндістан экономикасы ең қарқынды дамып келе жатқан ел мәртебесінен айырылған болатын. Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, елдегі жұмыссыздық деңгейі соңғы 45 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жеткен.

Сарапшылар экономиканың қазіргі әлсіреуін сұраныстың төмендігімен түсіндіріп отыр. Соңғы жылдары әсіресе автокөліктер, әуе көлігі мен халық тұтынатын тауарларға деген сұраныс азайған. Автокөлік өндірісіндегі құлдырау салдарынан жұмыс орындарының саны біртіндеп төмендеуде.

Ал сұраныстың төмендеуіне көлеңкелі банк секторы мен банктік емес қаржы компанияларындағы дағдарыс әсер етуде. Несиенің жоқтығы автокөлік сатылымының бәсеңдеуіне әкеліп соқты. Сарапшылардың айтуныша, жұмыссыздық экономиканың түрлі салаларына мультипликаторлық әсерін тигізуі мүмкін.

Сұраныс аздығынан өндірушілер мен кәсіпкерлер келешек кіріске қатысты болжамдарын төмендетіп, инвестициялық жоспарларын қысқартуы мүмкін.