Ұшақ пен тікұшақ соқтығысты: Әуе апатынан жеті адам қаза болды (видео)

0
1 229

Жолаушылардың арасында екі бала болған.


Ұшақ пен тікұшақ соқтығысты:  Әуе апатынан жеті адам қаза болды (видео)

ERNUR.KZ. Испанияның Майорка аралында тікұшақ пен шағын ұшақ соқтығысты, деп жазады sputniknews.kz.


"Инка көгінде (Майорка аралындағы муниципалитет) тікұшақ пен аса жеңіл ұшақ соқтығысты. Жеті адам мерт болды", - делінген Балеар аралдары үкіметінің твиттердегі хабарламасында.



Болжам бойынша, тікұшақ бортында ерлі-зайыпты екі баласымен отырған. Ал ұшақ ішінде тек бір жолаушы болыпты.

Испания үкіметі төрағасының міндетін атқарушы Педро Санчес қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Майорка аралы – Жерорта теңізіндегі танымал демалыс орындарының бірі. Арал теңіз курорттары, әсем табиғаты және көне архитектуралық ескерткіштерімен ерекшеленеді. Туристер аралға демалуға барған кезде, шағын әуе кемелерін жиі пайдаланады.