Ұшаққа найзағай түскен – Шереметьеводағы апат себептері аталды

0
1 389

Негізгі нұсқа – ұшаққа найзағай түсіп, содан кейін ұшақтың автоматикасы істен шыққан.


Ұшаққа найзағай түскен – Шереметьеводағы апат себептері аталды

ERNUR.KZ. Шереметьево әуежайында Sukhoi Superjet 100 ұшағы бірнеше себепке байланысты апатқа ұшырауы мүмкін. Олардың арасында ұшқыштар мен диспетчерлердің біліктілігінің төмендігі, ауа райының қолайсыздығы және техникалық ақаулар бар. Бұл туралы журналистерге РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко хабарлады, деп жазады Қазақпарат.

Оның айтуынша, Шереметьевода оқиға болған жерде өткен шұғыл жиналыс барысында Александр Бастрыкин апатқа алып келген барлық себептер мен жағдайларды, барлық тұлғаларды анықтауды тапсырған.

Бұған дейін ТАСС-қа құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлағандай, төтенше жағдай себептерінің негізгі нұсқасы – ұшаққа найзағайдың түсуі.

"Негізгі нұсқа – ұшаққа найзағай түсіп, содан кейін ұшақтың автоматикасы істен шыққан. Қонған кезде, алдын ала дерек бойынша, ұшып-қону жолағына екі рет соғылып, кейін жана бастаған", - деді дереккөз.

Оның айтуынша, найзағайдың түскенін экипаж бен жолаушылар растаған.