​Ұялы телефонның несиесін төлемегені үшін пәтерінен айырылды

0
1 391

Әйелдің айтуынша, несие танысының өтініші бойынша 2006 жылы рәсімделген екен.


​Ұялы телефонның несиесін төлемегені үшін пәтерінен айырылды

ERNUR.KZ. Украинаның Киев облысының тұрғыны несиеге алған ұялы телефоны үшін пәтерінен айырылды. Бұл туралы Politeka порталы хабарлады, деп жазады Baq.kz.

Әйелдің айтуынша, несие танысының өтініші бойынша 2006 жылы рәсімделген екен. Ол кезде банктен 3100 гривен алған. Он жыл өткен соң танысы қарызды өтемегені белгілі болған және әйелдің отбасы тұрып жатқан пәтер сатылымға қойылған.

Нәтижесінде тұрғын жай электронды сатылымға шығарылып, миллион гривен тұратын үйі 800 мыңға сатылған. Қожайынға сатылымнан қалған соманың жартысы берілген.

Қарыз алушының айтуынша, банк қызметкерлері бұған дейін несиенің төленбегендігі туралы хабарламаған, ал соттың шақыртуы тіркелген мекенжайға жіберілген, бірақ онда ешкім тұрмайтын болып шыққан. Енді ол апелляциялық арыз бермек.