Ұзындығы 55 шақырымды құрайтын теңіз үсті көпірі ашылмақ

0
1 576

Әлемдегі ең ұзын көпірді көруге жан-жақтан туристер ағылуда


Ұзындығы 55 шақырымды құрайтын теңіз үсті көпірі ашылмақ

ERNUR.KZ. Қытайда Гонконг – Чжухай – Макаоны байланыстыратын әрі теңіз үстінен өтетін әлемдегі ең ұзын көпір ашылмақ деп жазады 24.kz.

Оның ұзындығы – 55 шақырым. 2009 жылы басталған құрылысқа 2 млрд 300 млн-ға жуық АҚШ доллар қаржы сарп етілген.

Су жаңа көпірмен автокөліктер өтетін болады. Қазірдің өзінде аспан асты елінің ірі жобасын көру үшін Гонгонгтың Тхай елді мекеніне мыңдаған турист ағылып жатыр.

Көпірде көліктер еркін қозғалуы үшін 6 жолақ пен шамамен 7 шақырым суасты туннель қарастырылған. Сонымен қатар оны салу кезінде жақын маңда 4 жасанды арал да бой көтерді.