Вакциналау міндеттелмейтін болды

0
665

​Франция сенаты кәмелет жасқа толған тұрғындарды коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау заң жобасын мақұлдаған жоқ.


Вакциналау міндеттелмейтін болды

ERNUR.KZ. Депутаттардың басым бөлігі дауысқа салынған құжатқа қарсы шықты, деп жазады 24.kz.

Естеріңізге салайық, Францияда социалист сенаторлар COVID-19-ға қарсы вакциналауды міндетті етуді көздеген. Тиісті заң парламенттің жоғарғы палатасында қаралуы тиіс болды.

Алайда шенеуніктердің көбі тұрғындарды міндеттеуді жөнсіз деп санады.

Айтуынша, онсыз да вакцина төлқұжатының еңгізілуі арқылы елде екпе егу науқаны бір ізге қойылды. Бүгінде француздардың 90 проценті егілген. Десе де 65 жастан асқандардың көбі әлі де вакцина қабылдамаған дейді мамандар.

"Міндетті вакциналауға қарсымыз. Індеттің қауіптілігі жайындағы ақпарат жұмысы да оң нәтиже берді. Соңғы айларда отандастарымыз көптеп екпе салдыра бастады", - дейді отбасы мен балалық шақ жөніндегі мемлекеттік басқарманың хатшысы Адриен Таке.

"Міндетті вакциналау ұсынысы тым кешікті деп есептеймін. Мәселен, бүгінге дейін 12 жастан асқандардың 85 проценті екпе салдырды. Вакциналау науқаны карқынды. Шын мәнінде екпе қабылдауға қарсы болып отырғандар бірен-саран ғана", - дейді Франция сенатының депутаты Вероник Гийотен.