Вакцинаның үшінші дозасын кімдер алуы керек – ДДСҰ жауап берді

0
539

Сарапшылар Қытайдың «Синовак» пен «Синофарм» компанияларының екпесін алған қарттарға да үшінші доза салуға шақырды.


Вакцинаның үшінші дозасын кімдер алуы керек – ДДСҰ жауап берді

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммунитеті әлсіреген адамдарға коронавирусқа қарсы үшінші доза егуге кеңес берді, деп жазады 24.kz.

Себебі бұл санаттағы азаматтарға жұқпалы дертке қарсы 2 доза аз болып, олар коронавирустың ауыр түріне шалдығуы мүмкін.

Ұйым сарапшылары сондай-ақ Қытайдың «Синовак» пен «Синофарм» компанияларының екпесін алған қарттарға да үшінші доза салуға шақырды.

Бірақ сарапшылар бустерлі дозаны халыққа жаппай салуды ұсынудан алшақ. Мамандар мәселені қарашаның 11-і күні кеңірек талқыламақ.

Ал ресми дерекке қарағанда, қазірге дейін әлемде коронавирусқа қарсы 3,5 миллиард доза екпе салыныпты. Бірақ вакциналау біркелкі жүріп жатқан жоқ дейді мамандар.