Вашингтонда Астананың 20 жылдығына арналған велошеру өтті

0
1 319

Шеруден кейін қатысушылар киіз үйде қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.


Вашингтонда Астананың 20 жылдығына арналған велошеру өтті

ERNUR.KZ. Вашингтонда Астананың 20 жылдығына арналған велошеру өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оған АҚШ-та тұратын жерлестеріміз, дипломаттар мен Қазақстанда болған америкалықтар қатысты. Қазақстан елшілігінен басталған шеру Вашингтонның 20 көрікті жерін басып өтті. Арасында Ақ үй, Линкольн мемориалы, Капитолий мен өзге де қаланың белгілі нысандары бар.

Шеруден кейін қатысушылар киіз үйде қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

- Қазақстандықтарды елордамыздың 20 жылдығымен құттықтаймыз. Астананың Еуразиямен қатар бүкіл әлемнің мәдени мен қаржы орталығына айналуын тілейміз. Жас астанамыз дамып, гүлдене берсін. Мұның бәріне Президентіміздің еңбегі арқасында жеттік. Оған алғысымыз шексіз. KazAlliance пен бүкіл студенттеріміздің атынан Астанаға мол бақыт тілеймін, - деп лебізін жеткізді АҚШ-тағы Қазақстан студенттері қауымдастығының президенті Әмірхан Мукашев.